М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 8D11210 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Икрамов Ильяс Ғалымбетұлының «Сақтау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және залалсыздандыру процестеріне қойылатын санитарлық талаптарды қолдана отырып, қорғасын өндірісі шлактарының қоршаған ортаға зиянды әсерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Абдинов Рауан Шарипбайевич – 6D060800 - «Экология» мамандығы бойынша PhD, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экология, биология және нанотехнологиялар» ғылыми зерттеу институтының директоры;
- Зандыбай Аманбек – 14.00.07 - «Гигиена» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоршаған ортаны қорғау саласын басқару және инжиниринг» кафедрасының доценті.
Ғылыми кеңесшілер:
- Исаев Ғани Исаұлы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Биология» кафедрасының меңгерушісі;
- Керимбекова Заурекуль Майданбековна - техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті;
- Ивахнюк Григорий Константинович - химия ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым және техника саласында Ресей Федерациясы Үкіметі сыйлығының лауреаты, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтының (техникалық университет), «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, (Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Корганбаев Бауржан Ногайбаевич - т.ғ.д., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, Хирш индексі - 2, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар; Диссертациялық кеңестің төрағасы.
- Сатаев Марат Исакович - т.ғ.д., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, Хирш индексі - 4, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар; Диссертациялық кеңестің төрағасының орынбасары.
- Шапалов Шермахан Куттыбаевич – PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы, профессор, Хирш индексі - 6, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар; Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.
- Раматуллаева Лаззат Имамадиновна - т.ғ.к., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, Хирш индексі - 4, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар;
- Жолмагамбетов Сырлыбек Рысбекович –т.ғ.к., Қазақстан көп бейінді қайта құру және дамыту институтының «Жоба алды жұмыстары және жаңа технологиялар» бөлімінің бастығы, Хирш индексі - 2, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Махамбетов Мурат Жаракович – PhD, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Бас ғалым хатшы, Хирш индексі - 1;
- Сырлыбекқызы Самал – PhD, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Ғылым және зерттеу» басқармасы басшысы, «Экология және геология» кафедрасының профессоры, Хирш индексі - 5, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар;
- Берденов Жарас Галимжанович – PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы, профессор, Хирш индексі - 11, Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайт Скор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар 3-тен астам жарияланымдары бар;
- Самбаева Дамира Асанакуновна – Қырғыз Республикасы инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің «Өндірістік қауіпсіздік және геоэкология» кафедрасының меңгерушісі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.), Хирш индексі - 1;
- Жұмағұлов Темірбек Жамедұлы – т.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар және экология» кафедрасының аға оқытушысы, Хирш индексі - 1.
Қорғау 2024 жылдың 03 мамыр күні сағат 12.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» диссертациялық кеңесінде, келесі мекен-жайда өтеді: 160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, бас ғимарат, 342 аудитория.
Конференция сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=89847995917
Конференция идентификаторы: 334 334 0017
Қатынау коды: 0000