М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде 6D060800– «Экология» мамандығы бойынша Курганбеков Жангелди Нурумбетовичтың «Түркістан облысы аймағында көкөністерді өсіруде топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдардың миграциялануын және трансформациялануын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде  6D060800– «Экология» мамандығы бойынша Курганбеков Жангелди Нурумбетовичтың «Түркістан облысы аймағында көкөністерді өсіруде топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдардың миграциялануын және трансформациялануын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

 

Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Экология» кафедрасында орындалған.

 

Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Қорғау тілі: қазақша.

 

Ресми рецензенттер:

  1. Мейрбеков Абдилда Турсунханович – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экология және химия» кафедрасының профессоры, Түркістан қ., Қазақстан;
  2. Тазитдинова Румия Маратовна – 6D060800 «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан.

 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Утебаев Аспандияр Абдразакович – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Шымкент қ., Қазақстан;
  2. Мухамедов Рустам Султанович – биология ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Биохимия институтының профессоры,Ташкент қ., Өзбекстан.

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:

  1. Шингисбаева Жадыра Атирхановна – Диссертациялық кеңестің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан;
  2. Джакипбекова Нагима Орманбековна – техника ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан;
  3. Абдуова Айсулу Алшынбековна – техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан;
  4. Салмурзаұлы Руслан – 6D060700 «Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Экология мәселелері ҒЗИ, Алматы қ., Қазақстан;
  5. Изтлеуов Гани Молдакулович – Диссертациялық кеңестің хатшысы, химия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бахов Жумабек Кубеевич – техника ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Экология» кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан;
  2. Тойчибекова Ғазиза Батихановна – 6D060800 «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экология және химия» кафедрасының аға оқытушысы, Түркістан қ., Қазақстан;
  3. Жумадилова Анар Каратаевна – техника ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экология және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Тараз қ., Қазақстан;
  4. Сейсенбаева Гуляим Ахметжаровна – техника ғылымдарының кандидаты, Швеция ауылшаруашылық ғылымдары университетінің «Бейорганикалық және физикалық химия» кафедрасының профессоры, Упсала қ., Швеция;
  5. Рахымжан Жанар – 6D060800 «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан.

 

Диссертациялық қорғау аралас форматта (онлайн/оффлайн) 2024 жылы 3 мамыр сағат 15:00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы Диссертациялық кеңесте № 342 кіші мәжіліс залында және ZOOM платформасында өтеді.

 

Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=87244355680

 

Конференция идентификаторы: 334 334 001

Кіру коды: 0000

Дата публикации
01 апреля 2024