М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Иса Азиза Бақытжанқызының «Жер қабаттарынан мұнай алуды жоғарылату үшін композициялық беттік-активті акрилатты полимерлерді алу технологиясын құрастыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің «Бейорганикалық және мұнай-химия өндірістерінің технологиясы» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Туртабаев Сарсенбек Койшыбаевич – техника ғылымдарының докторы, Х.А.Ясави атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінің «Экология және химия» кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.03 - Органикалық химия, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы;
- Гусманова Айгул Гайнуллаевна – 25.00.17 - Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану мамандығы бойынша доценті, КЕАҚ Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Инжиниринг» факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Бейсенбаев Орал Курганбекович – техника ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы;
- Ахмедов Улуг Каримович – химия ғылымдарының докторы, Өзбекстан Ғылым академиясы «Жалпы және бейорганикалық химия» институтының профессоры, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Надиров Казим Садыкович – химия ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры. Диссертациялық кеңестің төрағасы;
- Ефремова Светлана Владимировна – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу» Ұлттық орталықтың ғалым хатшысы. Диссертациялық кеңестің төрағасының орынбасары;
- Нұркенов Оралғазы Ақтайұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор, «ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС профессоры, «Биологиялық белсенді заттарды синтездеу» зертханасының меңгерушісі;
- Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – PhD докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Фазылов Серик Драхметович – химия ғылымдарының докторы, «ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС профессоры, «Биологиялық белсенді заттарды синтездеу» зертханасының бас ғылыми қызметкері, мамандығы 02.00.03 – Органикалық химия, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы;
- Битемирова Алия Еркегуловна – химия ғылымдарының кадидаты, Ө.Жәнібеков ат. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Химия» кафедрасының доценті, мамандығы 02.00.03 – Органикалық химия, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы;
- Елигбаева Гульжахан Жакпаровна – химия ғылымдарының докторы, профессор Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Химиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.06 - Жоғары молекулалық қосылыстар, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы;
- Хайитов Руслан Рустамжонович – техника ғылымдарының докторы (DSc), Бұхара инженерлік-технологиялық институтының «Мұнай және газ технологиялары» факультетінің деканы, мамандығы 02.00.08 - Мұнай және газ химиясы мен технологиясы, Өзбекстан Республикасы, Бұхара қаласы.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2024 жылдың 29 сәуір күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде келесі мекенжайда өтеді: 160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, бас ғимарат, 342 аудитория, Zoom платформасында өтеді.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=86437884311
Конференция идентификаторы: 334 334 0017
Кіру коды: 0000