М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Артыкова Жадыра Куанышовнаның «Бұрғылау ерітінділерінің реологиялық қасиеттерін реттеу үшін композициялық полимерлі тұрақтандырғыштарды алу технологиясын құрастыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Тажибаева Сагдат Медербековна – 02.00.11. – Коллоидтық химия және физика-химиялық механика мамандығы бойынша химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының профессоры. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
- Елигбаева Гульжахан Жакпаровна – 02.00.06 – Жоғары молекулалық қосылыстар мамандығы бойынша химия ғылымдарының докторы, профессор. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Химиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Бейсенбаев Орал Курганбекович – техника ғылымдарының докторы, «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
- Кадыров Абдусамик Абдувасикович – техника ғылымдарының докторы, М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Надиров Казим Садыкович – химия ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессоры. Диссертациялық кеңестің төрағасы.
- Ефремова Светлана Владимировна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың ғылыми хатшысы. Диссертациялық кеңестің төрағасының орынбасары.
- Нұркенов Оралғазы Ақтайұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмір химиясы институты.
- Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің PhD докторы. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Айт Саук – 6D072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Д.В.Сокольский атындағы «Жанармай, катализ және электрохимия» институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
- Нақан Ұлантай – 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша phD доктор. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
- Абдикамалова Азиза Бахтияровна – 02.00.11. – Коллоидты және мембраналық химия мамандығы бойынша химия ғылымдарының докторы. Ғылым Академиясының жанындағы жалпы және бейорганикалық химия институтының бас ғылыми қызметкері. Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы.
- Кудайбергенов Саркыт Елекенович – 02.00.06 – Жоғары молекулалық қосылыстар мамандығы бойынша химия ғылымдарының докторы, профессор. «Полимерлік материалдар және технологиялар институтының» жекеменшік мекемесінің директоры. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2024 жылдың 30 сәуір күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде келесі мекен-жайда өтеді: 160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, бас ғимарат, 342 аудитория, Zoom платформасында өтеді.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=87547839198
Конференция идентификаторы: 334 334 0017
Кіру коды: 0000