«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Серекпаева Мира Амангельдиновнаның «Үш қабатты панельдердің қорғаныш жабындарының сапалық көрсеткіштерін жақсарту және халықаралық талаптарға сәйкес техникалық құжаттаманы әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Ниязбекова Римма Калманбаевна (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының докторы, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының профессоры м.а., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Elsayed Moussa Elashmawy Negim Attia (Hirsch index-8) – PhD, қауымдастырылған профессор «Ұлттық зерттеу орталығы», Каир, Мысыр.
Ресми рецензенттері:
Ермағамбет Болат Төлеуханұлы (Hirsch index-6) – химия ғылымдарының докторы, профессор, КазҰЖҒА академигі, «Көмір химиясы және технология институты» ЖШС директоры, Астана қ.;
Самбетбаева Айгуль Кудайбергеновна – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент» факультетінің қауымдастырылған профессоры «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС, Алматы қ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Сағдолдина Жұлдыз Болатқызы (Hirsch index-9) – 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ, Өскемен қ.;
Жаркевич Ольга Михайловна (Hirsch index-5) – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, Қарағанды қ.;
Арипова Мастура Хикматовна (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Силикат материалдары мен сирек металдар технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Ташкент химия-технологиялық институты, Ташкент қ., Өзбекістан – шетелдік ғалым.
Қорғау аралас форматта 2024 жылы 25 сәуірде сағат 14.00-де «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы мен 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесіңде, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Техникалық факультет ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 813 9049 3125
Кіру коды: 718074
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz;
e-mail: gauhar_20_90@mail.ru