«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да Каримова Гульмайда Конысбайқызының 8D07501 - «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Макарон өнімдерін өндіру бойынша жаңа технологияларды (рецептураларды) әзірлеу арқылы стандарттаудың нормативтік базасын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Ниязбекова Римма Калманбаевна (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының докторы, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының профессоры м.а., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Elsayed Moussa Elashmawy Negim Attia (Hirsch index-8) – PhD, қауымдастырылған профессор «Ұлттық зерттеу орталығы», Каир, Мысыр.
Ресми рецензенттер:
Искакова Ғалия Қуандыққызы (Hirsch index-4) – техника ғылымдарының докторы, «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ.;
Бектұрғанова Алмира Әнуарбекқызы (Hirsch index-1) – техника ғылымдарының кандидаты, «Технология және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, Астана қ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қабылда Анар Идашқызы (Hirsch index-3) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы, Астана қ.;
Муслимов Нұржан Жұмартұлы (Hirsch index-5) – техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты» мекемесінің президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Тараз қ.;
Литвяк Владимир Владимирович (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), Бүкілресейлік крахмал және құрамында крахмал бар шикізатты өңдеу ғылыми-зерттеу институты - «А.Г.Лорха атындағы картопты Федералды зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің филиалы, Красково кенті, Люберецкий ауданы, Мәскеу облысы. Ресей Федерациясы-шетелдік ғалым.
Қорғау аралас форматта 2024 жылы 26 сәуір сағат 14.00-де «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы мен 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесіңде, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Техникалық факультет ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 813 9049 3125
Кіру коды: 718074
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz;
e-mail: gauhar_20_90@mail.ru