«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Джаксымбетова Макпал Адликановнаның «Деформациялық-термиялық өңдеумен біріктірілген сорттық прокатты өндіру технологиясының ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу және сапаның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Канаев Амангельды Токешевич (Hirsch index-5) – техника ғылымдарының докторы, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының профессоры, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Мазур Игорь Петрович (Hirsch index-8) – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Металл қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, «Липецк мемлекеттік техникалық университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, Липецк қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттері:
Жакупова Арай Толепбергеновна (Hirsch index-1) – 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Металлургия» кафедрасының постдок-торанты, «Торайғыров Университеті» КеАҚ, Павлодар қ.;
Ержанов Алмас Сатыбалдыевич (Hirsch index-4) – 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ, Теміртау қ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Никонова Татьяна Юрьевна (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының доценті м.а., «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, Қарағанды қ.;
Сатбаева Зарина Аскарбековна (Hirsch index-3) – 6D060400 – «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Материалдардың бетін түрлендіру» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Семей қ.;
Воробьева Галина Анатольевна (Hirsch index-3) – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылымдық материалдар технологиясы және зымырандық-ғарыштық техника өндірісі» А2 кафедрасының доценті, «Д.Ф. Устинов атындағы Балтық мемлекеттік техникалық «ВОЕНМЕХ» университеті» Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы - шетелдік ғалым.
Қорғау аралас форматта 2024 жылы 26 сәуірде сағат 10.00-де «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы мен 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесіңде, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Техникалық факультет ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 813 9049 3125
Кіру коды: 718074
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz;
e-mail: gauhar_20_90@mail.ru