«Диссертацияны қайта қорғауға жіберу туралы» 2024 жылғы 12 наурыздағы №327 Комитеттің бұйрығы.

«Диссертацияны қайта қорғауға  жіберу туралы» 2024 жылғы 12 наурыздағы №327 Комитеттің бұйрығы.

 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің докторанты Ержан Орманбекович Джакипбековтің диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының 5- тармағына сәйкес келмеуіне байланысты 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациясы қайта қорғауға жіберілсін.

 «Разработка технологии получения полимерных композитов и их применение для повышения огнестойкости конструкций и транспортировки биопрепаратов» тақырыбында дайындалған диссертация 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде 2023 жылғы      08 желтоқсанда қорғалған. Диссертациялық кеңестің төрағасы – Надиров К.С, химия ғылымдарының докторы, профессор.

Ғылыми кеңесшілер: С.А. Сакибаева, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Б.А. Дмитриевский, техника ғылымдарының докторы, профессор (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы).

Ресми рецензенттер: Калугин С.Н., химия ғылымдарының докторы, профессор; Наурызова С., философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор.

 

Дата публикации
13 марта 2024