Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 6D080100 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Гульмира Токтаровна Уалиеваның «Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқым өнімділігі жоғары жоңышқаның бастапқы материалын жасау және бағалау» тақырыбына диссертация қорғауы өтеді.
Диссертация Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақша.
Ресми рецензенттер:
- Ержанова Сакыш Танырбергеновна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС дәнді дақылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері;
- Жумадилова Жанар Шадибековна – PhD, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.
Ғылыми кеңесшілер:
- Сагалбеков Уалихан Малгаждарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры;
- Янчева Христина Георгиева – PhD, профессор Аграрлық университет ректоры, Пловдив қ., Болгария.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Сагалбеков Уалихан Малгаждарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры;
- Стыбаев Гани Жасымбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Агрономиялық факультетінің деканы;
- Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының инновация жөніндегі орынбасары;
- Sanja Vasiljević – PhD, Новый сад қаласының егіншілік және көкөніс шаруашылығы институтының ғылыми жұмыс жөніндегі кеңесшісі, Сербия Республикасы;
- Байдалин Марден Ерсаинович – PhD, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің басшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Калибаев Бауыржан Бакитжанович – PhD, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары;
- Кенебаев Аманкелди Тургамбекович – PhD, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС дәнді дақылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері;
- Ногаев Адилбек Айдарханович – PhD, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының оқытушысы;
- Филиппова Надежда Ивановна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Көпжылдық шөптерді сұрыптау бөлімінің меңгерушісі;
- Насиев Бейбит Насиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры.
Қорғау 2024 жылдың 19 наурыз күні сағат 14.30-да Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы «8D081-Агрономия» дайындық бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте, келесі мекен-жайда өтеді: 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76, бас ғимарат, 2 қабат, Ғылыми кеңес залы.
Конференция сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/89841918379?pwd=qe4LJCq8yOMjESpUqp7NE0xnYUPZQZ.1
Конференция идентификаторы: 898 4191 8379
Қатынау коды: 2025