Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 27 қаңтардағы № 167 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Пак Илона Леонидовнаға 8D10100 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
Қарағанда медицина университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.