«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ «6D060600-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ахметжан Аятжанның «Су сіңіру қабілеті жоғары гидрогелдер синтездеу және қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ «6D060600-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ахметжан Аятжанның «Су сіңіру қабілеті жоғары гидрогелдер синтездеу және қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну түрі: мақалалар топтамасы.

Қорғау тілі: қазақ.

Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасында жүргізілді.

Рецензенттер:

Мангазбаева Рауаш Амантаевна - х.ғ.к. (02.00.06 – Жоғары молекулалық қосылыстар), қауымдастырылған профессор, химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Қ.И.Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ.

Жакина Алма Хасеновна - х.ғ.к. (02.00.06 – Жоғары молекулалық қосылыстар), доцент, «Органикалық синтез және көмірхимия институты» ЖШС полимерлер химиясы лабораториясының меңгерушісі.

Ғылыми кеңесшілер:

Досмагамбетова Сауле Саркантаевна – х.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының профессоры;

Нурхат Нураже – PhD, Техас технологиялық университетінің химиялық инженерия кафедрасының доценті.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Бектенов Несипхан Абжапарович – х.ғ.д. (02.00.06 – жоғары молекулалық қосылыстар), профессор, химия кафедрасы, Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

Ирмухаметова Галия Серикбаевна – х.ғ.к. (02.00.06 – жоғары молекулалық қосылыстар), доцент, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің химия және органикалық заттардың технологиясы кафедрасының меңгерушісі;

Ташмухамбетова Женета Халиловна - х.ғ.к. (02.00.06 – жоғары молекулалық қосылыстар), доцент, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау 2022 жылы 29 желтоқсан сағат 14:00-де академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-де «8D05301 - Химия: 6D060600 - 8D05308901-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну үшін диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта Ғылыми кеңестің мәжіліс залында (Университетская көшесі,28) өтеді; онлайн - ZOOM платформасында: идентификатор 2107810321, құпия сөз 1972.

Сайт адресі: www.ksu.kz

E-mail: kazhmuratova@mail.ru

Дата публикации
19 декабря 2023