КеАҚ «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» мекемесінде «6D060100 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Исенова Аккенже Алтмышевнаның «Уиттекер текті жүйелердің шешімдерін ерекше нүктелер маңайында құру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау орыс тілінде.
Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.
Рецензенттері:
- Юлдашев Турсун Камалдинович – физика-математика ғылымдарының докторы (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), профессор, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан;
- Ибраева Гульмира Темиргалиевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты, Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының бастығы, доцент, Ақтөбе, Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілері:
- Тасмамбетов Жаксылык Нурадинович – физика-математика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университетінің профессоры, Орал қ., Қазақстан;
- Раджабов Нусрат Раджабович – Тәжікстан ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Тәжік ұлттық университетінің профессоры, Душанбе қ., Тәжік Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі математика кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;
- Темешева Светлана Маратовна – физика-математика ғылымдарының докторы (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ., Қазақстан;
- Нұрлыбекұлы Тұрдыбек – философия докторы (PhD), профессор, Astana IT University, Астана қ., Қазақстан;
- Усманов Қайрат Идрисович – физика-математика ғылымдарының кандидаты (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), қауымдастырылған профессор (доцент), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан;
- Рысқан Айнұр Рысқанқызы – философия докторы (PhD) (6D060100 – Математика), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан;
Қорғау 2024 жылдың 22 қаңтар күні сағат 15:00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну үшін диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (офлайн және ZOOM платформасында онлайн форматта: идентификатор 201 904 8873) өтеді.
Сайттың мекен-жайы: www.zhubanov.edu.kz