Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Солтүстік Қазақстанның табиғи-антропогендік экожүйелеріндегі химиялық элементтердің жинақталуы мен таралуын экологиялық-биогеохимиялық бағалау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Гулим Еркиновна Байкенованың докторлық диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
- Шаймарданова Ботагоз Хасымовна – биология ғылымдарының докторы, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» КеАҚ «ТҚ және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар;
- Матвеева Илона Валерьевна – PhD, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ «Жалпы және бейорганикалық химия» кафедрасының профессор м.а, радиациялық экология зертханасының меңгерушісі. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
Ғылыми кеңесшілер:
- Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Жасушалық биология және биотехнология институтының директоры;;
- Какабаев Ануарбек Аязбаевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., халықаралық жобаларды басқару бойынша ректордың кеңесшісі;
- Барановская Наталья Владимировна – биология ғылымдарының докторы, Томск политехникалық университетінің Табиғи ресурстар инженерлік мектебінің геология бөлімінің профессоры, Томск, Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Какабаев Ануарбек Аязбаевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., халықаралық жобаларды басқару бойынша ректордың кеңесшісі;
- Хусаинов Абильжан Токанович – биология ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА және РЖА академигі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Панюшкина Ирина Петровна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ағаш сақиналарын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, Аризона штатының университеті, Тусон, АҚШ;
- Баязитова Зульфия Ерзатовна – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Острецова Идия Болатовна – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Химия және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Заядан Болатхан Казыханулы – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ биотехнология кафедрасының профессоры, (мамандық шифры: 03.00.16 – Экология, 03.00.07 - Микробиология). Хирш индексі – 15;
- Исаева Акмарал Умурбековна – биология ғылымдарының докторы, профессор, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ Экология және биотехнология ҒЗИ директоры, (мамандық шифры: 03.00.16 – Экология, 03.00.07 - Микробиология). Хирш индексі – 3;
- Шамекова Малика Хабидулаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК селекция және биотехнология зертханасының меңгерушісі. (мамандық шифры: 03.00.16 – Экология). Хирш индексі – 4;
- Бабенко Андрей Сергеевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік университетінің «Ауыл шаруашылығы биологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Томск, Ресей), (мамандық шифры: 03.00.16 – Экология). Хирш индексі – 4;
- Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы – PhD, «Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» КеАҚ «Экология және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (мамандық шифры: 0109 – Экология және табиғи ресурстарды пайдалану). Хирш индексі – 3;
Қорғау 2023 жылы 26 желтоқсанда сағат 10.00-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 8D087 - Қоршаған ортаны қорғау технологиясы дайындық бағыты бойынша диссертациялық кеңесте, 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76 мекенжайындағы бас ғимараттың 2 қабаты, Ғылыми кеңес залында өтеді.
Сайт адресі: www.shokan.edu.kz
Конференцияға сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/82406256159?pwd=SvyceAknua36rWdI520NAHlhs4FcYQ.1
Конференция идентификаторы: 824 0625 6159
Кіру коды: 2023