Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 930 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Мырзакулова Жайдары Ратбайкызына 6D060100-Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.