«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде 8D10102 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші Сулейманов Амил Фазил-Оглиның «Прогностическая ценность уровня накопления 18F-FDG в висцеральном жире для обнаружения метастазирования эпителиального рака яичников и колоректального рака» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
- Винников Денис Владимирович – м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ Денсаулық, кәсіби факторлар және қоршаған орта зертханасының меңгерушісі;
- Садуакасова Айгуль Болатовна – м.ғ.д., «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК Ядролық медицина орталығының басшысы;
Шетелдік ғылыми кеңесші: Покровский Вадим Сергеевич – м.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Н.Н. Блохин атындағы Ұлттық медициналық онкология зерттеу орталығының федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің тәжірибелік диагностика және ісік терапиясы ҒЗИ фармакологияның биохимиялық негіздері және ісік модельдері зертханасының меңгерушісі.
Рецензенттер:
- Жабагин Куанткан Талгатович – MD, PhD (6D110100 – Медицина), Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары;
- Даутов Таирхан Бекполатович – м.ғ.д., профессор (14.00.19 – Сәулелік диагностика, сәулелік терапия), «University Medical Center» КҚ-ның радиология және ядролық медицина клиникалық-академиялық департаментінің директоры, ҚР ДСМ Сәулелік диагностика және интервенциялық радиология бойынша бас штаттан тыс маманы, Қазақстандық радиологиялық қоғамының Вице-президенті, «University Medical Center» КҚ Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Сирота Валентина Брониславовна – м.ғ.д., профессор (14.00.14 – Онкология), «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ «Онкология және сәулелік диагностика» кафедрасының профессоры;
- Есентаева Сурия Ертугыровна – м.ғ.д., профессор (14.00.14 – Онкология), Қазақстан-Ресей медициналық университеті «Визуалды диагностика курсымен онкология және маммология» кафедрасының меңгерушісі;
- Пак Лаура Алексеевна – MD, PhD, қауымдастырылған профессор (6D110100 – Медицина), «Семей медицина университеті» КЕАҚ «Профессор Д.Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина» кафедрасының меңгерушісі;
- Жабагин Куанткан Талгатович – MD, PhD (6D110100 – Медицина), Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары.
Қорғау 2023 жылғы 08 желтоқсанда сағат 14:30–де «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен–жайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, №19а, конференц–зал, 5–қабат
Zoom конференциясына қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09
Конференция идентификаторы: 281 882 7485, Кіру коды: 123456