КеАҚ «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сұлтанғалиева Ольга Қашымқызының «Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы хабарлайды.
Диссертация ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақша.
Диссертация Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасында орындалған.
Рецензенттері:
- Ержанова Сауле Баймурзаевна - филология ғылымдарының докторы (мамандығы 10.01.02. – Қазақ әдебиеті), профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
- Султангалиева Рита Бекжановна – филология ғылымдарының кандидаты (мамандығы 10.01.02. – Қазақ әдебиеті), қауымдастырылған профессор (доцент), М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, «Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, Орал қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілері:
- Ердембеков Бауржан Амангельдыевич - филология ғылымдарының докторы, профессор, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Семей қ., Қазақстан;
- Орхан Сойлемез – PhD, Кастамону университеті, Кастамону қ., Түркия.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Сайфулина Флера Сагитовна – филология ғылымдарының докторы, (10.01.02 – Ресей Федерациясы халықтарының әдебиеті (татар әдебиеті)), профессор, Казан (Приволжье) федералды университеті, Казан қ., Ресей Федерациясы.
- Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, (10.01.08 – салыстырмалы әдебиетану), доцент, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Астана қ., Қазақстан.
- Нұриман Бекарыс Тілегенұлы – PhD, (6D021400 - әдебиеттану) Хажы Байрам Вели университеті, Анкара қ., Түркия.
- Дыйқанбай Майрамгүл - PhD, (Түрік тілі мен әдебиеті), доцент, Ататүрік университеті, Эрзурум қ., Түркия.
Қорғау 2023 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жанындағы «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (офлайн және ZOOM платформасында онлайн форматта: идентификатор 9088530780) өтеді.
Сайттың мекен-жайы: www.zhubanov.edu.kz
e-mail: sabira-i@yandex.ru