Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы 6D110100 – 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесі Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Донаева Айнұр Ергаликызы 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша «Жасөспірім қыз балалардың біріншілік дисменорея кезіндегі D дәрумені деңгейімен және оның VDR генінің полиморфизмімен байланысы» тақырыбындағы диссертациясын қорғайтыны туралы хабарлайды.
Диссертациялық жұмыс «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ., қалыпты физиология кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми жетекшісі:
Аманжолқызы Айнур - PhD., қауымдастырылған профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің қалыпты физиология кафедрасының доценті.
Шетелдік ғылыми кеңесшілері:
Ibrahim A. Abdelazim - MD., профессор, «Айн Шамс Университеті», Акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры, Египет.
Edgaras Stankevicius - MD., PhD., «Литва денсаулық ғылымдары университеті», Қалыпты физиология, клиникалық фармакология және тамырлық хирургиясы кафедрасының профессоры, Каунас қ., Литва.
Ресми рецензенттер:
1.Тулетова Айнур Серикбаевна – PhD., қауымдастырылған профессор «Талмас Медикус» клиникалық-инновациялық департаментінің жетекшісі, «Ұлттық Эндометриоз желісінің Президенті» Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қорғау 2023 жылғы 03 қараша, сағат 15:00-де «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ жанындағы 6D110100 – 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесі 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, конференция залында өтеді.
Хабарландыру мен қосымшалардың мәтіні орналастырылған Диссертациялық кеңес сайтының мекен-жайы: https://zkmu.kz.
Ғылыми хатшысы: Айтбаева Алия Матжанқызы,
(сот) +7 702 721 11 82; e-mail: ds@zkmu.kz; info@zkmu.kz.