Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 8D02202-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша «1964-1985 жж. Орталық Қазақстандағы ауыл елді-мекендері тұрғындарының күнделікті өмір тарихы» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші Ыбырайхан Марат Ыбырайханұлының диссертациясын қорғау өткізіледі.
Қорғау тілі: қазақша.
Диссертация академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасында орындалды.
Рецензенттер:
- Кудайбергенова Айжамал Ибрагимовна – тарих ғылымдарының докторы, доцент, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері.
- Капышев Ардак Каиржанович – тарих ғылымдарының кандидаты, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
- Сактаганова Зауреш Галимжановна – тарих ғылымдарының докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор зерттеушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
- Щеглова Татьяна Кирилловна – тарих ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік педагогикалық Университетінің профессоры (Барнаул қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Мусагалиева Арайлым Сабитовна - тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры.
- Мажитова Жанна Сабитбековна - тарих ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» КеАҚ профессоры.
- Жанбосинова Альбина Советовна - тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры.
- Алпыспаева Галья Айтпаевна - тарих ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры.
Қорғау 2023 ж. 17 қарашада сағат 14.00 – де академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы 8D02202 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте, Гоголь көшесі, 38-ші үй, 4 оқу ғимараты, 218 дәрісханада аралас форматта (ZOOM бағдарламасын қолдану арқылы онлайн және оффлайн форматта) өткізіледі. ZOOM идентификатор 426 554 8421, пароль 1972.