Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) 2023 жылғы 08 маусымда Сочи каласында жасалды.
Келісім білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға бағытталған.
Келісімді іске асыру шеңберінде еңбек көші-қоны кезеңінде, яғни жұмысқа орналасатын мемлекетте еңбек мигранттары болып табылатын азаматтар үшін ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тану көзделеді.