Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құрылған D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Валентин Константинович Цхенің «Кориум алудың реакторлық әдісін жасау және оның құрылымдық-фазалық күйі мен механикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Дата публикации
16 июня 2023