«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 584 Комитеттің бұйрығы (Кабдолова Гульжан Кайратовна)

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 18сәуірдегі № 584Комитеттің бұйрығы (Кабдолова Гульжан Кайратовна)

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің докторанты Гульжан Кайратовна Кабдолованыңдиссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 8D01550 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.

8D01550 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Болашақ биология пәні мұғалімдерін даярлауда Ертіс өзені аймағының биоресурстары зерттеулерінің нәтижелерін пайдалану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетініңдиссертациялық кеңесінде 2024 жылғы 26желтоқсанда қорғалған

Диссертациялық кеңестің төрағасы

Жумабекова Бибигуль Кабылбековна – биология ғылымдарының докторы, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ, Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры (Павлодар қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1.Хамзина Шолпан Шапиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ, Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры (Павлодар қ., Қазақстан).

2.Соловьев Сергей Александрович – биология ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Жануарлар жүйесі және экология институтының жетекші ғылыми қызметкері, ФМББ ЖО «Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті» және ФМББ ЖО «Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің» профессоры (Новосібір қ., Ресей).

Ресми рецензенттер:

1.Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна – биология ғылымдарының докторы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ, Жаратылыстану институтының «Биология, география және химия» кафедрасының профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан).

2.Калиева Анар Нургайыповна – философия докторы (PhD), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. (Алматы қ., Қазақстан).

Жарияланған күні

25 қараша 2026 11:36

Жаңарту күні

21 сәуір 2025

Түрі