«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D07202/8D07203 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» (6D070900 – «Металлургия») білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Шалабаев Нұрғали Темірбайұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Агрессивтілігі жоғары металлургиялық агрегаттарда қолдануға арналған Қазақстан Республикасының техногендік қалдықтарынан және минералдық шикізаттарынан жасалған отқа төзімді материалдарды зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Шалабаев Нұрғали Темірбайұлының
докторлық диссертациясының қорғауы туралы хабарландыру
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D07202/8D07203 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» (6D070900 – «Металлургия») білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Шалабаев Нұрғали Темірбайұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Агрессивтілігі жоғары металлургиялық агрегаттарда қолдануға арналған Қазақстан Республикасының техногендік қалдықтарынан және минералдық шикізаттарынан жасалған отқа төзімді материалдарды зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК зертханаларында орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сатбаев Баймахан Нурлыбаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның Астана филиалының директоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
2. Арсентьев Василий Александрович – техника ғылымдарының докторы. «МЕХАНОБР-ТЕХНИКА» ғылыми-өндірістік корпорациясының бас ғылыми қызметкері (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
1. Фоменко Сергей Михайлович – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК-ның СВС-жаңа материалдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 5, Scopus – 7 (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Быков Петр Олегович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор. Инновациялық Еуразия Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі бірінші проректоры. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 4, Scopus – 7 (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Салина Валентина Алексеевна – техника ғылымдарының кандидаты. «Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Ұнтақ және композициялық материалдар» зертханасының аға ғылыми қызметкері. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 3, Scopus – 4 (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы);
2. Төлендіұлы Санат – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК-ның СВС-жаңа материалдар зертханасының меңгерушісі. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 6, Scopus – 7 (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
3. Жунусов Аблай Каиртаевич – техника ғылымдарының кандидаты, профессор. «Торайғыров университеті» КеАҚ-ның инженерия факультетінің деканы. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 6, Scopus – 8 (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 22 желтоқсанда сағат 14:00-де «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жаңа ғимаратында өтеді. Мекенжайы: 101400, Теміртау қ., Республика даңғ., 30, Н-201 ауд.
Қорғау аралас форматта өткізіледі (офлайн және Zoom платформасында онлайн):
https://zoom.us/j/99417457527?pwd=94qZ0dteLxo588puEpk2IERK5tLUu2.1
Конференция идентификаторы: 994 1745 7527
Қосылу коды: 2211226
Ғалым хатшы: Айткенов Н.Б.
Тел.: +7 777 134 76 77
Email: n.aitkenov@tttu.edu.kz
31
24 қараша 2026 15:47
24 қараша 2026