«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жанындағы 8D07202/8D07203 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» (6D070900 – «Металлургия») білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Бьеррум-Гуггенгейм тұжырымдамасы негізінде күрделі ферроқорытпаларды алудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін Fe-Si-Al-Mn-Cr жүйесінің құрылымдық күйінің физика-химиялық моделін құру» тақырыбындағы диссертациясын қайта қорғауы өтеді.
Докторлық диссертацияны қайта қорғау туралы
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жанындағы 8D07202/8D07203 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» (6D070900 – «Металлургия») білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Бьеррум-Гуггенгейм тұжырымдамасы негізінде күрделі ферроқорытпаларды алудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін Fe-Si-Al-Mn-Cr жүйесінің құрылымдық күйінің физика-химиялық моделін құру» тақырыбындағы диссертациясын қайта қорғауы өтеді.
Диссертация «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және Ж. Әбішов атындағы Химия-металлургия институтының «Металлургиялық балқымалар» зертханасында орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Диссертацияны қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, профессор. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
2. Толоконникова Вера Владимировна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Физика-химия және ілеспе элементтер технологиясы» зертханасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
3. Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы. Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. «Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Болат және ферроқорытпалар» зертханасының меңгерушісі (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы).
1. Колесников Александр Сергеевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ-ның «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 23, Scopus – 32, (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы);
2. Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – философия докторы (PhD). «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының меңгерушісі. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша бестен астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science – 4, Scopus – 4 (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Капелюшин Юрий Евгеньевич – философия докторы (PhD). Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Көп рет қолданылатын зымыран-тасығыштардың қозғалтқыш қондырғыларының физикалық химиясы мен газ динамикасы мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда жарияланған бестен астам ғылыми еңбектері бар. Хирш индексі: Web of Science – 7, Scopus – 9 (Челябинск қ., Ресей Федерациясы);
2. Абдулина Сауле Амангельдыевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор. «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның Халықаралық инженерия мектебінің профессоры. Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда жарияланған бестен астам ғылыми еңбектері бар. Хирш индексі: Web of Science – 7, Scopus – 8 (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
3. Аринова Сания Каскатаевна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті). Докторанттың зерттеу бағыты бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректеріне сәйкес бірінші, екінші немесе үшінші квартильге (Q1–Q3) кіретін басылымдарда, сондай-ақ Scopus деректеріне сәйкес CiteScore процентилі кемінде 35 болатын басылымдарда жарияланған бестен астам ғылыми еңбектері бар. Хирш индексі: Web of Science – 5, Scopus – 6 (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10:00-де «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жаңа ғимаратында өтеді. Мекенжайы: 101400, Теміртау қ., Республика даңғ., 30, Н-201 ауд.
Қорғау аралас форматта өткізіледі (офлайн және Zoom платформасында онлайн):
https://zoom.us/j/99417457527?pwd=94qZ0dteLxo588puEpk2IERK5tLUu2.1
Конференция идентификаторы: 994 1745 7527
Қосылу коды: 2211226
Ғалым хатшы: Айткенов Н.Б.
Тел.: +7 777 134 76 77
Email: n.aitkenov@tttu.edu.kz
15
24 қараша 2026 15:44
24 қараша 2026