«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ жанындағы «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Омарова Нурлугуль Галыевнаның «8D02302 – Филология: Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақстандағы “құрмет” және “турашылдық” коммуникативтік құндылықтарының дискурстық ерекшелігі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Хабарландыру
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ жанындағы «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Омарова Нурлугуль Галыевнаның «8D02302 – Филология: Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақстандағы “құрмет” және “турашылдық” коммуникативтік құндылықтарының дискурстық ерекшелігі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс.
Қорғау форматы: аралас (онлайн және офлайн).
Ресми рецензенттер:
1. Шакенова Майгуль Тулегеновна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті (Шымкент қ., Қазақстан) (мамандық шифры:10.02.01 – Орыс тілі).
2. Мирзоева Лейла Юрьевна – филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), SDU University (Алматы облысы, Қаскелең қ., Қазақстан) (мамандық шифры:10.02.01 – Орыс тілі).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жақыпова Айгүл Досжанқызы – филология ғылымдарының докторы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ профессоры, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор;
2. Карасик Владимир Ильич – филология ғылымдарының докторы, профессор, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының филология факультетінің деканы (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Абаева Мадина Қабылқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының психолингвистика бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан) (мамандық шифры: 10.02.01 – Орыс тілі).
2. Сабиева Елена Викторовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ Тіл және әдебиет институтының директоры (Петропавл қ., Қазақстан) (мамандық шифры: 10.02.01 – Орыс тілі).
3. Чумак-Жунь Ирина Ивановна – филология ғылымдарының докторы, Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры (Белгород қ., Ресей Федерациясы) (мамандық шифры: 10.02.01 – Орыс тілі).
Қорғау 2026 жылы 17 желтоқсанда сағат 11.00-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 8D023 – Тілдер және әдебиет бағыты бойынша диссертациялық кеңесте, 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76 мекенжайындағы бас ғимараттың 2 қабаты, Ғылыми кеңес залында өтеді.
Zoom платформасы: https://us06web.zoom.us/j/85741518750?pwd=dMNqyBt8H5kht3MWqEdglfg6Nm1JsZ.1
Онлайн трансляция:
https://youtube.com/live/nyhZss5BG0Q?feature=share
Конференция идентификаторы: 857 4151 8750
Кіру коды:202020
Веб-сайттың мекенжайы: https://shokan.edu.kz/ru/departments/departament-nauki-i-kommercializacii-tehnologii/dissertation-councils/1111111/
e-mail: university@shokan.edu.kz
21
12 қараша 2026 10:36
12 қараша 2026