«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 218 Комитеттің бұйрығы (Кожабекова Эльмира Курбаналикызы)
«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 218 Комитеттің бұйрығы (Кожабекова Эльмира Курбаналикызы)
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының докторанты Кожабекова Эльмира Курбаналикызының диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D01502 Физика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.
«8D01502 Физика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Болашақ физика педагогін пәнаралық байланыс негізінде білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға даярлау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025 жылғы
05 желтоқсанда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы:
Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ физика кафедрасының профессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы); һ – index: 13.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ермекова Жадыра Керімбайқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ Техникалық физика кафедрасының доцентінің м.а., (Астана қ., Қазақстан Республикасы); h-index-5;
2. Али Чорух-РhD, Сакария университетінің Физика кафедрасының профессоры, (Сакария қ., Түркия Республикасы).
Ресми рецензенттер:
1. Нурумжанова Куляш Алдонгаровна – педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ профессоры (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы); һ – index: 1;
2. Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич – философия докторы (PhD), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы); h-index-8.
51
30 қазан 2026 13:09
13 сәуір 2026