«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 1610 Комитеттің бұйрығы (Шаймерденова Айгуль Каиржановна)

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 19қыркүйектегі№ 1610Комитеттің бұйрығы (Шаймерденова Айгуль Каиржановна)

С. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің докторанты Айгуль Каиржановна Шаймерденованың диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 8D07303 – «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.

8D07303 – «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «ГАЖ технологиялары негізінде ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану тетіктерін жетілдіру (Ақмола облысы)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы С. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетініңдиссертациялық кеңесінде 2025 жылғы 18маусымда қорғалған

Диссертациялық кеңестің төрағасы

Корнилова Алла Александровна – сәулет ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ «Сәулет және дизайн» кафедрасының профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Шуленбаева Фая Ахметовна– экономика ғылымдарының докторы «Кадастр» кафедрасының профессоры С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің КеАҚ.

2. Дубровский Алексей Викторович – техника ғылымдарының докторы, «Кадастр және аумақтық жоспарлау» кафедрасының доценті, Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті, Ресей Федерациясы, Новосібір қаласы.

Ресми рецензенттер:

1. Турганалиев Сакен Рахматуллаевич - экономика ғылымдарының кандидатыАль-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университеті «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценті.

2. Анарбаев Ермек Ахметович - PhD докторы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ филиалы директорының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары, қауымдастырылған профессоры

Жарияланған күні

30 қазан 2026 13:07

Жаңарту күні

22 қыркүйек 2025

Түрі