«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 25 ақпандағы № 234 Комитеттің бұйрығы (Шалабаева Майра Хусаиновна)
«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 25 ақпандағы № 234 Комитеттің бұйрығы (Шалабаева Майра Хусаиновна)
«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының докторанты Шалабаева Майра Хусаиновнаның диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.
8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Темір жол көлігіндегі апат салдарын жою кезінде экологиялық қауіпсіздікті автоматтандырылған бағалаудың әдістері мен модельдері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанындағы диссертациялық кеңесінде 2024 жылғы
20 желтоқсанда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы:
Есмагамбетов Булат-Батыр Саухымович – Диссертациялық кеңестің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ахметов Бахытжан Сражатдинович – техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан;
2. Лахно Валерий Анатольевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, компьютерлік жүйелер және желілер кафедрасы, Украинаның Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университеті, Киев қ., Украина.
Ресми рецензенттер:
1. Жусупбеков Сарсенбек Сеитбекович – техника ғылымдарының кандидаты, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан;
2. Бейсембаев Акамбай Агыбаевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының Автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
45
30 қазан 2026 13:01
26 ақпан 2025