«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Нуржан Орынтаевич Ажибековтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Выбор тактики нейрохирургической помощи пациентам с двухуровневыми дегенеративными заболеваниями шейного отдела позвоночника при использовании передних декомпрессивно-стабилизирующих вмешательств» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Н.О. Ажибековтің диссертациялық жұмысының қорғауы туралы
хабарландыру
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Нуржан Орынтаевич Ажибековтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Выбор тактики нейрохирургической помощи пациентам с двухуровневыми дегенеративными заболеваниями шейного отдела позвоночника при использовании передних декомпрессивно-стабилизирующих вмешательств» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс.
1. Талгат Тынышбаевич Керимбаев – м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ҰЖҒА академигі, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ жұлын нейрохирургиясы және шеткері жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақ нейрохирургтер қауымдастығының вице-президенті.
2. Габит Джандильдинович Махамбаев – м.ғ.к., Қарағанды қаласындағы профессор Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухананың нейрохирургия және неврология орталығының басшысы.
Ғылыми кеңесші: Марат Амангелдиевич Алиев – м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, №7 ҚКА директорының хирургия бойынша орынбасары, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің хирургия кафедрасының профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Вадим Анатольевич Бывальцев – м.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Иркутск мемлекеттік медицина университеті» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Талгат Сейтжанович Нургожин – м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ;
2. Александр Витальевич Нерсесов – м.ғ.д., профессор, «С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ;
3. Гульсум Клышпековна Аскарова – м.ғ.д., профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС;
4. Гульнара Салаватовна Святова – м.ғ.д., профессор, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
1. Абдурахмон Убайдуллоевич Норов – м.ғ.д., профессор, нейрохирург дәрігер, Өзбекстан Республикасы, Бұхара қаласындағы Бұхара облыстық көпбейінді медициналық орталығының бас дәрігері.
2. Михаил Юрьевич Бирючков – м.ғ.д., профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ травматология курсымен нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі.
3. Ербол Таргынович Махамбетов – м.ғ.к., профессор, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қан тамырлары және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
Қорғау 2026 жылғы 26 қараша, сағат 14:00-де «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, конференц-зал, 5-қабат.
Zoom конференциясына қосылуға арналған сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09
Конференция идентификаторы: 281 882 7485, Кіру коды: 123456
ДК хатшысы: Индира Казбековна Тулебаева,
e-mail: tulebayeva.ik@gmail.com
5
29 қазан 2026 18:15
29 қазан 2026