«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 2026 жылғы 26 қарашада сағат 13.00-де философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тастанбекова Жанна Өмірбекқызының «8D10102 – Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін дайындалған «Балалардағы жамбас буыны дисплазиясын антенаталдық кезеңде диагностикалауды және постнаталдық кезеңде емдеуді жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Хабарландыру
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 2026 жылғы 26 қарашада сағат 13.00-де философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тастанбекова Жанна Өмірбекқызының «8D10102 – Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін дайындалған «Балалардағы жамбас буыны дисплазиясын антенаталдық кезеңде диагностикалауды және постнаталдық кезеңде емдеуді жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация «Астана медицина университеті» КеАҚ-да орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Дүйсенов Нурлан Болатович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан-Ресей медицина университеті» ББМ жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Қошанова Амина Амантайқызы – PhD, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесшілер:
Қарабекова Роза Ағабекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар хирургиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Лозовой Василий Михайлович – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар хирургиясы кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесші
Шведовченко Игорь Владимирович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Г.А. Альбрехт атындағы Федералдық ғылыми оңалту және мүгедектік орталығының ғылыми жетекшісі (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Тургунов Ермек Мейрамович (төраға) – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
2. Бакирова Рысжан Емельевна (төрағаның орынбасары) – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» КеАҚ № 1 ішкі аурулар кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
3. Стабаева Лейла Медеубаевна (ғалым хатшы) – PhD, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ патологиялық анатомия және гистология кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
4. Азизов Илья Сулейманович – медицина ғылымдарының докторы, Антимикробтық химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының зертханалық кешенінің жетекшісі (Смоленск қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
5. Қошанова Амина Амантаевна – PhD, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
6. Надиров Нурбек Надирович – PhD, жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер, «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы № 1 ортопедия бөлімшесінің вертебрологі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
7. Сагинова Дина Азимовна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК директорының ғылыми жұмыс және білім беру жөніндегі орынбасары (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 26 қарашада сағат 13.00-де «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жанындағы Медицина мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекенжайда өтеді: Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40, Briefing room (№ 261). Диссертациялық кеңес отырысын аралас (оффлайн және онлайн) форматта өткізу жоспарлануда.
Конференцияға қосылу сілтемесі:
https://qmu.webex.com/qmu/j.php?MTID=mf6dcf742232b238a46950f2f5b1eb0da
Жиналыс нөмірі (қосылу коды): 2511 003 4220
Жиналыс құпиясөзі: XUfSvWdJ735
Ғалым хатшы: PhD Стабаева Лейла Медеубайқызы
Ұялы телефон: 8 701 3277033 e-mail: Stabaeva@qmu.kz
15
28 қазан 2026 17:23
28 қазан 2026