«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-та Буканова Сәуле Климентьевнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қазақстан мұнайларынан жоғары сапалы битум композицияларын зерттеу және алу» тақырыбындағы 8D07101 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Буканова Сауле Климентьевнаның диссертациясының қорғауы туралы хабарландыру

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-та Буканова Сәуле Климентьевнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қазақстан мұнайларынан жоғары сапалы битум композицияларын зерттеу және алу» тақырыбындағы 8D07101 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-тың Н.Қ. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтында орындалды.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Пивоварова Надежда Анатольевна – техника ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі, Астрахань мемлекеттік техникалық университеті (Астрахань қ., Ресей).

2. Жамболова Айнұр Бектұрсынқызы – PhD, жетекші ғылыми қызметкер, «Жану проблемалары институты» РМК (Алматы қ., Қазақстан).

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:

1. Шамбилова Гүлбаршын Қожахметқызы – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Жобалық офисінің басшысы (Атырау қ., Қазақстан);

2. Горбунова Ирина Юрьевна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің «Пластмассаларды өңдеу технологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей);

3. Канбур Ясин – философия докторы (PhD), Карабюк университетінің «Химия» кафедрасының (полимерлер химиясы бөлімі) профессоры (Карабюк қ., Түркия);

4. Кайрлиева Фазилат Басарқызы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Н.Қ. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институты (Атырау қ., Қазақстан).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Боташев Ерсұлтан Тұрғымбекұлы – PhD, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ (Шымкент қ., Қазақстан).

2. Сармурзина Раушан Ғайсықызы – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының кеңесшісі (Астана қ., Қазақстан);

3. Дюсова Ризагүл Мүслімқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Химия» кафедрасының аға оқытушысы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесші:

1. Шамбилова Гүлбаршын Қожахметқызы – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Жобалық офисінің басшысы (Атырау қ., Қазақстан).

Шетелдік ғылыми кеңесші:

1. Шириязданов Ришат Рифкатұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Газ химиясы» кафедрасы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы).

Диссертацияны қорғау 2026 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-де «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» кадрлар даярлау бағыты бойынша 8D07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» диссертациялық кеңесінде, 8D07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы аясында өтеді.

Диссертациялық кеңестің отырысы аралас (онлайн және офлайн) форматта Н.Балғымбаев атындағы Коммуникацияларды дамыту орталығында (мекенжайы: Атырау қ., М. Баймұханов көшесі, 45а) өтеді. Шетелдік ғалымдар ZOOM платформасы арқылы қатыса алады:

https://zoom.us/j/4635361884?pwd=sdXmFCnzBTOrROuzQbNp4cr7g6zUW7.1&omn=99583045868

Сайт: https://aogu.edu.kz/science_/dissertatsionnyy-sovet/bukenova-saule/

E-mail: F.Kairlieva@aogu.edu.kz

Жарияланған күні

20 қазан 2026 19:48

Жаңарту күні

20 қазан 2026