«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07202 «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша Ревуцкий Александр Владимировичтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Техникалық берилийдің сапасын арттыру және ұнтақты металлургиясы процестерін жетілдіру бойынша зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді.
Ревуцкий Александр Владимировичтің
докторлық диссертациясының қорғауы туралы хабарландыру
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07202 «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша Ревуцкий Александр Владимировичтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Техникалық берилийдің сапасын арттыру және ұнтақты металлургиясы процестерін жетілдіру бойынша зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді.
Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі.
Диссертациялық жұмыс «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Халықаралық инженерия мектебі базасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сырнев Борис Владимирович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан;
2. Лопатин Владимир Юрьевич – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Мәскеу қ., Ресей.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Махамбетов Ерболат Нысаналыулы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
2. Абдулина Сауле Амангельдыевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ, Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
3. Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Рудный индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректорының міндетін атқарушы, Рудный қ., Қазақстан Республикасы;
4. Саденова Маржан Ануарбековна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КеАҚ, VERITAS Excellence Centre жетекші ғылыми қызметкері.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Олейникова Наталья Васильевна – техника ғылымдарының докторы, доцент, Сібір федералдық университеті Түсті металдар металлургиясы кафедрасының профессоры, Красноярск қ., Ресей Федерациясы. Хирш индексі – 8;
2. Бақытұлы Наурызбек – философия докторы (PhD), «Металлургия және байыту институты» АҚ «Физикалық талдау әдістері» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 6;
3. Жакупов Алибек Ныгматуллович – философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ (Toraighyrov University) Металлургия, машина жасау және көлік факультеті «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), Павлодар қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 3.
Рецензенттер:
1. Достаева Ардак Мухамедиевна – философия докторы (PhD), Қарағанды техникалық университетінің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Хирш индексі – 5;
2. Попов Федор Евгеньевич – 8D07202 «Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ бойынша философия докторы (PhD), "Nazarbayev University Research Administration" ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі – 3.
Қорғау 2026 жылғы 14 қарашада сағат 13:00-де өтеді.
Диссертациялық кеңесінің мекен-жайы: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, Г-1-115 аудитория.
Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/84346031584?pwd=wehh44osOre56Mat6OGVoK63VfdD8W.1
Конференция идентификаторы: 843 4603 1584
Код: 487872
Абдулина Сауле Амангельдыевна, 87054168060
12
20 қазан 2026 19:41
20 қазан 2026