«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 16 қазандағы № 728 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 16 қазандағы № 728 Комитеттің бұйрығы

Алматы менеджмент университетінің докторанты Насырханов Арсен Дамировичтың диссертациясы Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 8D04105 – «Іскерлік әкімшілендіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.

8D04105 – Іскерлік әкімшілендіру білім беру бағдарламасыбойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Инвестиционный климат, оценка инвестиционной привлекательности и инвестиционный потенциалг. Алматы тақырыбындағы диссертациясы Алматы менеджмент университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде 2026 жылғы 26 маусымда қорғалған.

Диссертациялық кеңестің төрағасы:

Липовка Анастасия Владимировна – философия докторы (PhD).

Ғылыми кеңесшілер:

1.Курганбаева Гульмира Аманжоловна – экономика ғылымдарының кандидаты, МРА, «Әлем» университеті, «Ұлттық ұстаз» академиясы және «Ұлттық бизнес және инженерия мектептері» құрылымдарының президенті, Астана қ.;

2.Петр Хайек – PhD докторы, Еуропалық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтының халықаралық байланыстар және ғылым жөніндегі проректоры, Прага қ., Чехия Республикасы.

Ресми рецензенттер:

1. Нурланова Найля Капеновна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ.;

2. Арупов Акимжан Арупович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан экономикалық ғылымдар академиясының академигі, ХАА академигі, «Тұран» университеті Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, Алматы қ.

Жарияланған күні

20 қазан 2026 16:42

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Түрі