«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 26 мамырдағы № 816 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 26 мамырдағы № 816 Комитеттің бұйрығы

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың докторанты Туменбаева Жанар Сапархановнаның диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D10141 – Медицина» білім беру бағдарламасыбойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.

«Өкпе обырындағы таргетті терапияның тиімділігін бағалау»тақырыбында дайындалған диссертация «8D10141 – Медицина» білім беру бағдарламасыбойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Астана медицина университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025 жылғы 14 наурызда қорғалған.

Диссертациялық кеңестің төрағасы:

Оспанов Орал Базарбаевич – «Астана медицина университеті» КеАҚ Хирургиялық аурулар, бариатриялық хирургия және нейрохирургия кафедрасының зерттеуші профессоры, медицина ғылымдарының докторы, қаымдастылылған профессор, Еуропалық табиғи ғылымдар академиясының академигі, «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» РҚБ-нің президенті, диссертациялық кеңестің төрағасы, Астана қ., Қазақстан;

Ғылымикеңесшілер:

Отандық ғылыми кеңесші:

Макишев Абай Каиргожинович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ онкология кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Адилбай Даурен Галымович – Assistant Professor, Medical University of South Carolina, Charleston, SC, USA.

Ресми пікір берушілер:

Есентаева Сурия Ертугыровна – медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан-Ресей медицина университетінің Онкология маммология курсымен кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Казақстан Республикасы;

Букенов Акат Мухамедиевич – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры, Қарағанды қаласы, Казақстан Республикасы.