«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 588 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 588 Комитеттің бұйрығы

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ-тың докторантыБотабаев Галымжан Еркебаевичтың диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «6D010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.

«Оқытушының арнайы қабілетін дамытудағы педагогикалық толлеранттылықтың психологиялық мазмұны» тақырыбында дайындалған диссертация «6D010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесінде 2024 жылғы
30 желтоқсанда қорғалған.

Диссертациялық кеңестің төрағасы:

Майгельдиева Шарбан Мусабековна – педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» БББ профессоры.

Ғылыми кеңесшілері:

Токсанбаева Нургуль Коргаджановна – психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры;

Южел Гелишли – педагогика ғылымдарының докторы, Гази университетінің профессоры. Анкара қаласы, Туркия.

Ресми рецензенттері:

1. Турдалиева Шолпан Турсынбаевна – психология ғылымдарының кандидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті;

Байсарина Сандуғаш Сайлауовна – педагогика ғылымдарының кандидаты,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Педагогика» кафедрасының доценті.