«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 08 қыркүйектегі № 654Комитеттің бұйрығы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының докторанты Жакипов Нажмитден Берекелиулыныңдиссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «6D071800 – Электр энергетика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.
6D071800 – Электр энергетика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Автоматты басқарылатын желкенді жел электр станциясының электр энергиясын өндіру жүйесінің тиімділігін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанындағы диссертациялық кеңесінде 2026 жылғы
22маусымда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Мергалимова Алмагуль Каирбергеновна – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Энергетикалық факультетінің деканы, «Жылу энергетикасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD)
Ғылыми кеңесшілер:
1)Шоланов Қорғанбай Сағынайұлы – техника ғылымдарының докторы «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының профессоры (Хирш индексі – 6), «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қаласы, Қазақстан;
2)Марковский Вадим Павлович – техника ғылымдарының кандидаты, «Электр энергетика» кафедрасының меңгерушісі, доцент (Хирш индексі – 3), «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қаласы, Қазақстан.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Захаруддин Бин МохамедPhD докторы, «Малайзия технологиялық университетінің» профессоры (Хирш индексі – 37), Джохор-Бару қаласы, Малайзия.
Ресми рецензенттер:
1) Дружинин Валерий Михайлович – PhD (Hirsch index-2), «Энергетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Карағанды индустриалды университеті», Теміртау қ., Қазақстан;
2) Онгар Булбул – PhD докторы, «Энергетика» кафедрасының доценті (Хирш индексі-10), «Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты» АҚ, Алматы қаласы, Қазақстан.