Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «6D080100 – Агрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Еріш Нұрбол Амантайұлының «Солтүстік Қазақстан жағдайында нақты егіншілік элементтерін қолданумен жаздық бидай өсіруді биологизациялаудың технологиялық тәсілдері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

                                         Хабарландыру

 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «6D080100 – Агрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Еріш Нұрбол Амантайұлының «Солтүстік Қазақстан жағдайында нақты егіншілік элементтерін қолданумен жаздық бидай өсіруді биологизациялаудың технологиялық тәсілдері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Заречное» ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС базасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

Ресми рецензенттер:     

1. Жапаев Рауан Кайтбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, егіншілік зертханасының меңгерушісі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы облысы, Алмалыбақ кенті, Қазақстан;

2. Шаяхметова Алтын Сейтахметовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, агротехнология факультетінің деканы, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавл қ. Қазақстан.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Нугманов Алмабек Батыржанович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ, Қостанай қ., Қазақстан.

2. Коробов Виктор Александрович–  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор «Агробиотехнология» ғылыми-сынақ орталығының ЖШҚ ғылыми кеңесшісі, Белгород қ., Ресей Федерациясы.

 

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы

1. Нугманов Алмабек Батыржанович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ;

2. Ансабаева Асия Симбаевна – философия докторы (PhD), агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ;

3. Тулькубаева Сания Абильтаевна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Заречное» ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-ң ғылыми хатшысы;

4. Токушева Асель Салимжановна – философия докторы (PhD), агрономия кафедрасы профессорының ассистенті, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

5. Saljnikov Elmira – PhD, жаратылыстану ғылымдары бөлімнің профессоры, Пәнаралық зерттеулер институты, Белград университеті, Белград қ., Сербия Республикасы;

6. Кененбаев Серик Барменбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, топырақтану және агрохимия зертханасының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы облысы, Алмалыбақ кенті, Қазақстан;

7. Мусынов Кажимурат Майрамбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ. Қазақстан.

 

Қорғау 2026 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы 8D081-Агрономия даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. 

Мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Байтурсынов көшесі, 47, бас ғимарат, 3-ші қабат, мәжіліс залы.

Конференцияға сілтеме:

https://us06web.zoom.us/j/88204176821?pwd=MZHaEmoiSUAK6dz3wyo7ja9R9095aN.1

Конференция идентификаторы: 882 0417 6821

Қол жеткізу коды: 369516

Дата публикации
09 октября 2026