Батырбекова Камшат Айшигаровнаның диссертациялық жұмысын қорғау туралы хабарландыру
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «8D02310-Филология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде докторант Батырбекова Камшат Айшигаровнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Мәмлүк қыпшақтары тіліндегі «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткіші тілінің лексика-семантикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қайта қорғалады.
Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі
Ресми рецензенттер:
1. Салқынбай Анар Бекмырзақызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан.
2. Ескеева Мағрипа Қайнарбаевна – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, түркітану кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, Шымкент қ., Қазақстан.
2. Боранбаев Сандыбай Режепұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры, Шымкент қ., Қазақстан.
3. Эрджан Алкая – филология ғылымдарының докторы, Фырат университетінің профессоры, Элaзық қ.,Түркия.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Боранбаев Сандыбай Режепұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры, Шымкент қ., Қазақстан.
2. Тлеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, Шымкент қ., Қазақстан.
3. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, Алматы қ., Қазақстан.
4. Таджиев Хамидулла Хабибуллаевич – философия докторы (PhD)
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, Шымкент қ., Қазақстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Досжан Райхангүл Абдуғалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Гуманитарлы-педагогикалық факультеті, филология кафедрасы, Шымкент қ., Қазақстан.
2. Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы – филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының зерттеуші-доценті, Алматы қ., Қазақстан.
3. Осман Кабадайы – филология ғылымдарының докторы, доцент, Қыршехир Ахи Эвран университеті (Kırşehir Ahi Evran Üniversitesi), Түрік тілі кафедрасы, Қыршехир қ., Түркия.
Диссертациялық жұмысты қорғау аралас форматта 2026 жылғы
06 қараша сағат 11-00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Тауке хан 5. Бас ғимарат, 3 қабат, 342 Диссертациялық бөлме.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 334 334 0017
Кіру коды: 0000
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=88661830635