«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 668 Комитеттің бұйрығы
«Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ-тың докторанты Турдалиев Рауан Муратовичтің диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D01401 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.
«8D01401 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі студенттік спорт дамуының ғылыми-әдістемелік негіздемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ-тың жанындағы диссертациялық кеңесінде 2026 жылғы 17 маусымда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Жунусбеков Жаксыбек Ибрагимович – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ «Бокс, ауыр атлетика жəне шығыс жекпе-жегі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, п.ғ.к., профессор (ЖАК) (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1) Дошыбеков Айдын Бағдатұлы – PhD докторы, қауымдастырылған профессоры, «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ, (Алматы қ., Қазақстан);
2) Ботагариев Тулеген Амиржанович – педагогика ғылымының докторы, профессор, К. Жубанов атындағы Ақтобе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтобе қ., Казахстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Коровин Сергей Семенович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, (Орынбор қ., Ресей Федерациясы).
Ресми рецензенттер:
1) Есіркепов Жандос Мергенбайұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің (Түркістан қ., Қазақстан);
2) Доскараев Бауржан Мелдебекович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).