«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 05наурыздағы № 151Комитеттің бұйрығы
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының докторанты Таланды Елумагамбетовна Бисенованың диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.
«Исполнение лишения свободы в отношении женщин (криминологические и уголовно-исполнительные аспекты)» тақырыбында дайындалған диссертация «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025 жылғы 20 қыркүйекте қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Айдаркан Байдекович Скаков – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
1) Айдаркан Байдекович Скаков – Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор
2) Зайрулла Сембаевич Токубаев – Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор;
3) Мейрам Акатович Аюбаев – Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент).
Ресми рецензенттер:
1) Шакир Шамильевич Шаяхметов – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
2) Дулат Алиаскарұлы Абеуов – Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент).