«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 04 ақпандағы № 47 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 04 ақпандағы № 47 Комитеттің бұйрығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының докторанты Омаров Анвар Сапабекұлының диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 
31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.
«Деятельность полиции по рассмотрению дел об административых правонарушениях: вопросы теории и практики» тақырыбында дайындалған диссертация «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025 жылғы 30 мамырда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Скаков Айдаркан Байдекович– заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:
1)    Тузельбаев Ергали Ошпанбаевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры;
2)    Биекенов Нурлан Амангелдинович– заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы;
3)    Данияр Қалқаманұлы – (PhD) философия докторы, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қосымша білім беру факультетінің бастығы.
 Ресми рецензенттер:
1)    Сапаралиева Сауле Мамырбековна– заң ғылымдарының кандидаты, 
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ЖОО-нан кейінгі білім беру институтының директоры;
2)    Абеуов Еркин Толепбергенович– заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Құқық қорғау қызметі мәселелерін зерттеу және үйлестіру орталығының бастығы.

Дата публикации
05 октября 2026