«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мирзакулова Асия Акимкуловнаның «Еуразиялық экономикалық одағының регламенттерінің талаптарына сәйкес дәрумендермен байытылған сүт сарысуына арналған нормативтік құжаттарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Хабарландыру

 

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мирзакулова Асия Акимкуловнаның «Еуразиялық экономикалық одағының регламенттерінің талаптарына сәйкес дәрумендермен байытылған сүт сарысуына арналған нормативтік құжаттарды әзірлеу тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында орындалған.

Қорғау тілі: қазақ.

Ғылыми кеңесшілері:

Сарсембаева Толқын Ержановна– 6D073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (Hirsch index – 4), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Көлік техника, технология және стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарлама тобының аға оқытушысы, Астана қ.

Michał Bembenek техника ғылымдарының докторы, профессор (Hirsch index – 13),  AGH ғылым және технология университеті (AGH University of Science and Technology) Польша Республикасы, Краков қ.

Ресми рецензенттері:

Толеубекова Сандугаш Сайлауовна техника ғылымдарының кандидаты, (Hirsch index –4 ), «Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Құрылыс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Семей қ.

Боранбаева Тогжан Кенжетаевна 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), (Hirsch index – 5), «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Магистратура және докторантура секторының меңгерушісі, Алматы қ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Изтилеуов Максат Карсыбекович – 6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)(Hirsch index–1), «Алматы технологиялық университеті» АҚ студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры – Регистратура офисінің директоры Алматы қ.

Тултабаев Мухтар Чуманович – техника ғылымдарының докторы, профессор (Hirsch index –6), «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалының жетекші ғылыми қызметкері, Астана қ.

Элеманова Римма Шукуровна техника ғылымдарының докторы, профессор, (Hirsch index –2), И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.

Қорғау аралас форматта 2026 жылы 28 қазанда сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде,010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.

Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:

Конференция идентификаторы: 926 4002 4379

Кіру коды: 354278

Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz

e-mail: gaukhar.nitra@gmail.com

объявление
Дата публикации
29 сентября 2026