Хабарландыру
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тлегенов Расул Болатұлының «ҚР СТ ИСО 50001 стандартына сәйкес энергия менеджменті жүйесін енгізу және қоршаушы құрылыс конструкциялары арқылы жылу шығындарын оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында» орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Ниязбекова Римма Калманбаевна – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 6), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Көлік техникасы, технологиялары және стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобының профессоры, Астана қ.
Алдабергенова Сауле Салимжановна – 6D012000 – «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша PhD философия докторы (Hirsch index – 4), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Көлік техникасы, технология және стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі, Астана қ.
Кривобородов Юрий Романович – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 5), «Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің профессоры, Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.
Ресми рецензенттері:
Жаникулов Нургали Нодырулы – 6D072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD философия докторы (Hirsch index – 9), «академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ, «Бейорганикалық және техникалық химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ.
Естемесова Аксая Сансызбаевна – техника ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 5), «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС («ҚазБСҚА» кампусы), «Инженерия мектебінің» зерттеуші-профессоры, Алматы қ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Тухтамишева Айнур Зокировна – 6D072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша PhD философия докторы (Hirsch index – 4), зерттеуші-профессор, «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС, Алматы қ.
Ермагамбет Болат Толеуханович – химия ғылымдарының докторы (Hirsch index – 9), профессор, «Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының» академигі, «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС директоры, бас ғылыми қызметкер, Астана қ.
Потапова Екатерина Николаевна – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 6), профессор, «Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің «Композициялық және байланыстырғыш материалдардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.
Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 27 қазанда сағат 10:00-де «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, «Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының» ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 944 5834 0889
Кіру коды: 040386
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz
e-mail: gaukhar.nitra@gmail.com