Хабарландыру
«Семей медицина университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте «8D10102 – Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған Талғатқызы Алтынайдың «Жедел церебралды ишемияны емдеуге арналған жаңа мукоадгезивті дәрілік қалыптарды әзірлеу» тақырыбы бойынша диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Семей медицина университеті» КеАҚ «Неврология, офтальмология және оториноларингология».
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Ресми рецензенттер:
1.Сычев Дмитрий Алексеевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының (РҒА) академигі, Б.В. Петровский атындағы Ресей хирургия ғылыми орталығының «Предиктивті генетика, фармакогенетика және дербестендірілген терапия орталығының» жетекшісі, Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының (РҮКБМА) клиникалық фармакология және терапия кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас клиникалық фармакологы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
- Туруспекова Сауле Тлеубергеновна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас неврологы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Хайбуллин Талгат Нурмуханович – медицина ғылымдарының докторы, «Семей медицина университеті» КеАҚ профессоры, Семей қ., Қазақстан Республикасы;
- Ожмухаметова Эльвира Келгембаевна – MD, PhD, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК госпитальдық фармация және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас клиникалық фармакологы, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
- Дюсупов Алтай Ахметкалиевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры, Семей қ., Қазақстан Республикасы.
- Хуторянский Виталий Викторович – PhD, Рединг университетінің фармация мектебінің профессоры, Рединг қ., Ұлыбритания.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Сычев Дмитрий Алексеевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының (РҒА) академигі, Б.В. Петровский атындағы Ресей хирургия ғылыми орталығының «Предиктивті генетика, фармакогенетика және дербестендірілген терапия орталығының» жетекшісі, Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының (РҮКБМА) клиникалық фармакология және терапия кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас клиникалық фармакологы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы;
- Рахимов Кайролла Дюсенбаевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) академигі, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармакология кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
- Григолашвили Марина Арчиловна – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2026 жылдың 14 қазан күні сағат 14:00-да «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 103, үлкен конференц-залы.
Сайт мекенжайы: https://smu.edu.kz/ru/nauka/obyavleniya-o-zashchite-phd-dissertaciy-po-specialnosti-medicina/
Zoom видеоконференциясына сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/82759452889?pwd=oQ1ZYaHAQkLdF2teovCLpktWTzFJPh.1
конференцияның идентификациялық номері: 827 5945 2889
Кіру коды: 661164
E-mail: smu@smu.edu.kz