Байдильдаева Асель Куанышевнаның диссертациялық жұмысын қорғау туралы хабарландыру
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» ҚЕ АҚ жанында құрылған 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты: 8D07212 – «Инновациялық текстиль», 8D07211 – «Былғары бұйымдарының индустриясы» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте 8D07211 – «Былғары бұйымдарының индустриясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Байдильдаева Асель Куанышевнаның «Табандарының патологиялық ауытқулары бар адамдардың аяқ киімдеріне арналған былғарыларды микрокапсулдау технологиясын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында орындалды.
Диссертация қорғауға диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау тілі: ағылшын.
Ресми рецензенттер:
1. Виктор Джон Сундар – PhD, профессор, Үндістан Орталық былғары зерттеу институты, Ченнай қ., Үндістан.
2. Мд Абул Хашем – PhD, профессор, Хулна инженерлік-технологиялық университеті, Кхулна қ., Бангладеш.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Джиембетова Индира Сагадуллаевна – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ. Қазақстан Республикасы.
2. Хусейн Ата Каравана – PhD доктор, профессор, Эге университеті, Измир қ. Түркия.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Шардарбек Мухамеджан Шардарбекулы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан Республикасы.
2. Ботабаев Нуржан Еркебаевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
3. Гафуров Джохонгир Кабулович – техника ғылымдарының докторы, доцент, Джизак политехникалық институты, Джизак қ., Өзбекстан Республикасы.
4. Сарыбаева Эльвира Ермековна – PhD, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Арина Сеул – PhD, доцент, Георге Асачи атындағы Яссы техникалық университеті, Яссы қ., Румыния;
2. Мирзамуратова Роза Шамуратовна – PhD, доцент, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
3. Муминов Мансурбек Рахимович – PhD, аға ғылыми қызметкер, Талшықты дақылдар ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан.
Қорғау 23 қазан 2026 жылы сағат 15:00-де М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты: 8D07212 – «Инновациялық текстиль», 8D07211 – «Былғары бұйымдарының индустриясы» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60, 3 қабат, Тәуелсіздік залы (2.3-308).
Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/86208256100?pwd=7nhUxv5jxDRb4ZN3UCcfkcnEVuOIh7.1
Конференция идентификаторы: 862 0825 6100
Құпиясөз: 831510