«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы»
2026 жылғы 19 тамыздағы № 621 комитеттің бұйрығы.
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ-тың докторанты Акажанова Алмагуль Аманжоловнаның диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес келмеуіне байланысты 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.
«Қазақ ұлттық ойындары арқылы мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың лингвистикалық және әдістемелік негіздері» тақырыбында дайындалған диссертация 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесінде 2026 жылғы 02 сәуірде қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Кыяхметова Шара Асетовна, филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми кеңесшілер:
- Смагулова Кулдархан Нургазиевна – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Абызова Айна Маратовна – философия докторы (PhD), «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ (Талдықорған қ., Қазақстан).
Ресми рецензенттер:
- Сулейменова Жаркынбике Нуаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы, 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) (Алматы қ., Қазақстан);
- Қосымова Гүлбану – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы, 10.02.02 – Қазақ тілі (Алматы қ., Қазақстан).