«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 15 мамырдағы № 339 Комитеттің бұйрығы.

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 15 мамырдағы № 339 Комитеттің бұйрығы

«Тұран-Астана» университетінің докторанты Татикова Асия Ураловнаның диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «6D050600 (8D04101) – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.
«Экономический механизм развития малого и среднего бизнеса в агропромышленном комплексе Казахстана» тақырыбында дайындалған диссертация «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Alikhan Bokeikhan University жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025 жылғы 27 желтоқсанда қорғалған.
Диссертациялық кеңестің төрағасы – Галия Сагандыковна Укубасова, философия докторы (PhD), профессор.
Ғылыми кеңесшілер:
1) Пягай Александр Анатольевич – экономика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан);
2) Tunç Durmuş Medeni (Тунч Медени Дурмуш) –PhD философия докторы, профессор Университета Ankara Yildirim Beyazit университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия Республикасы).
Ресми рецензенттер:
1) Исаева Бибигуль Кунтугановна – «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан)
2) Жеңісхан Дарима – экономика ғылымдарының кандидаты, 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Бизнес және цифрлық технологиялар» институтының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан)

Дата публикации
16 июня 2026