Хабарландыру
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Косанова Индира Муратовнаның 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Плазмалық өңдеу арқылы қатты жүктелген бөліктердің беткі қабатының сапасын жақсарту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және тамақ технологиялары институтында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Қанаев Амангелді Токешевич – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 6), «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының профессоры, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Мазур Игорь Петрович - техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 9), «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының профессоры, Липецк мемлекеттік техникалық университеті, Липецк қаласы, Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттері:
Жаркевич Ольга Михайловна, техника ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 10), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессорының м.а., Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Рахадилов Бауыржан Корабаевич, 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (Hirsch index – 16), ТОО «PlasmaScience» директоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Никонова Татьяна Юрьевна, техника ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 6), доцент, «Лека-Қарағанды» ЖШС жобалаушы инженер қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Ержанов Алмас Сатыбалдыевич, 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (Хирш индексі – 7), қауымдастырылған профессор, «Металлургия және материалтану» кафедрасы, Қарағанды индустриялық университеті, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы.
Ремшев Евгений Юрьевич, техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 5), Д.Ф. Устинов атындағы Балтық мемлекеттік техникалық университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, «Конструкциялық материалдар технологиясы және зымыран-ғарыш техникасын өндіру» кафедрасының доценті, Ресей Федерациясы.
Қорғау аралас форматта 2026 жылы 3 шілдеде сағат 10.00-де «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесіңде, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62В, Агротехнопарк, №В.11 Ситуациялық орталық мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді: Конференция идентификаторы: 912 3460 1008
Кіру коды: 041221
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz; e-mail: gaukhar.nitra@gmail.com