С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ жанындағы 8D075 – «Стандартау және сертификаттау» даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте Комекбаев Ермек Сержанұлының 8D07501 – «Стандартау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Разработка стандартов двудипломного образования и внедрение их в систему менеджмента качества высшего образования Республики Казахстан» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Инжиниринг және тамақ технологиялары институтында орындалды.
Қорғау тілі: орысша.
Ғылыми кеңесшілер:
Құрманғалиева Дина Бақытқожақызы-техника ғылымдарының докторы (Hirsch index-1), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Инжиниринг және тамақ технологиялары институтының доценті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Гарет Джон Дайк (Gareth John Dyke) – PhD философия докторы (Hirsch index-38), Дебрецен университеті, Венгрия.
Ресми рецензенттер:
Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы – 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD философия докторы (Hirsch index-6), Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы.
Булатбаева Кулжанат Нұрымжанқызы – 13.00.02-Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы (Hirsch index-4), доцент, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жұмықбаева Ақмарал Қажығұмарқызы – 6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD философия докторы (Hirsch index – 1), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Сапаны бағалау департаментінің директоры, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Белощицкий Андрей Александрович – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index-23), профессор, Astana IT University Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Шадиев Рустам Нарзикулович – Network learning technology бағыты бойынша PhD (Hirsch index-39), Чжэцзян университеті Білім беру факультетінің профессоры, ҚХР.
Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 3 шілдеде сағат 14.00-де
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ жанындағы Диссертациялық кеңесте мына мекенжай бойынша өтеді: 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62В, Агротехнопарк, № В.11 Ситуациялық орталық.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында жүргізіледі:
Конференция идентификаторы: 912 3460 1008
Коды: 041221
Сайт мекенжайы: www.kazatu.edu.kz;
e-mail: gaukhar.nitra@gmail.com