«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ажимгереева Алтынай Булатовнаның «Стандарттардың халықаралық жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында орындалған.
Қорғау тілі: қазақ.
Ғылыми кеңесшілері:
Алдабергенова Сауле Салимжановна – PhD докторы (Hirsch index – 4), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Көлік техника, технология және стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі, Астана қ.
Юрченко Алексей Васильевич - техника ғылымдарының докторы, (Hirsch index – 11), Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінің «Жоғары энергетикалық процестер физикасын зерттеу мектебі» профессоры, Ресей Федарациясы, Томск қ.
Ресми рецензенттері:
Садирбекова Динара Калымбекова – «6D010300 – Педагогика және психология» PhD докторы (Hirsch index – 4), Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «Гуманитарлық-жаратылыстану білім беру» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ.
Мухатаев Айдос Агдарбекович - педагогика ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 8), Astana IT University жалпы білім беретін пәндер мектебінің профессоры, Астана қ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Бекманова Гүлмира Тылеубердиқызы – техникалық ғылымдар кандидаты (Hirsch index – 12), PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры, Астана қ.
Болатбаева Күлжанат Нұрымжанқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Hirsch index – 4), Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері, Астана қ.
Vimal Kumar - Өнеркәсіптік және басқарушылық инженерия PhD докторы (Hirsch index – 34), Чаоян Технологиялық Университетінің доценті, Тайчунг қ., Тайвань.
Қорғау аралас форматта 2026 жылы 7 шілдеде сағат 10.00-де «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы 8D075 – «Стандарттау және сертификаттау» (8D07501 – «Стандарттау және өнім сапасын басқару» білім беру бағдарламасы) дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының ғимараты, №4204 конференц-залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 948 9663 4950
Кіру коды: 910225
Сайт мекен-жайы: www.kazatu.edu.kz;
e-mail: gaukhar.nitra@gmail.com