С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мырзахмет Балғалидың «Ауылшаруашылық машиналарының гидравликалық жүйелерінің екі остік қосылысқа ие тістегерішті сорғыларының сапалық көрсеткіштерін арттыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғалуы өтеді.
Диссертация Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы негізінде орындалды.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Ноғаев Қайрош Әбілұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Теміртау қ., Қазақстан Республикасы).
2. Мұқанов Руслан Батырбекұлы – PhD докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «FabLab MIT» оқу-өндірістік орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Шеров Кәрібек Тағайұлы – техника ғылымдарының докторы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты «Агроинженерия, механика және металлөңдеу» білім беру бағдарламалары тобының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Магавин Сабит Шамильевич – техника ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты «Агроинженерия, механика және металлөңдеу» білім беру бағдарламалары тобының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
3. Яцек Цеслик – техника ғылымдарының докторы, Станислав Сташиц атындағы AGH Ғылым және технологиялар университетінің Машина жасау және робототехника факультетінің профессоры (Краков қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мардонов Умиджон Тохир Угли – PhD докторы, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті Машина жасау факультеті «Машина жасау технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
2. Молдаханов Бекболат Әскерханұлы – PhD докторы, «Европлюс Восток» ЖШС директоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы)
3. Мұстафа Азамат Қойшықұлұлы – PhD докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ А. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты «Машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 3 шілде күні сағат 10:00-де «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша: 8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институты (техникалық факультет), конференц-зал №4204.
(https://zoom.us/j/94278711352?pwd=AVHlMUkanQ0BxI2bqJ8lEa8xwDerSm.1Идентификатор конференции: 942 7871 1352 Код доступа: 671723).
Сайттың мекенжайы: www.kazatu.edu.kz
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғау барысында ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Мендалиева Сауле Илинишнаға электрондық поштасына жолдау қажет: e-mail: s.mendalieva@kazatu.edu.kz